Мемлекет басшысы православие шіркеуінің өкілдерін қабылдады

Мемлекет басшысы православие шіркеуінің өкілдерін қабылдады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу Патриар-хатының Сыртқы шіркеулік байланыстар департаментінің төрағасы, Волоколамск митрополиті Антонийді, Қазан және Татарстан митрополиті Кириллді, Астана және Қазақстан митро-политі, Александрды қабылдап, кездесу өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Антонийді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, православие діні, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Өз кезегінде православие шіркеуінің өкілдері Патриарх Кирилдің Мемлекет басшысына ізгі тілектерін жеткізді, сондай-ақ оның Қазақстан бастамаларын қолдайтынын мәлімдеді.