«Адал сайлау үшін» штабы өз жұмысын бастады

Бюллетеньде «Бәріне қарсымын» деген арнайы тармақтың болуы міндет емес, егер сайлаушы ешқандай кандидатты қолдамаса бар-жоғы ешқайсысына дауыс бермейді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Қазақстандықтардың арасында қызу талқыланып жатқан сайлауға қатысты сауалға «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері осылай деп жауап берді. Айтпақшы, заңгерлер алдағы науқанға қатысты кез келген сұрақты дәл осылай назарға алып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуге дайын. Бүгін «Адал сайлау үшін» штабы жұмысын бастады. Қоғамдық бірлестіктің негізгі міндеті өңірдегі филиалдармен бірге құқықтық сауаттылық шараларын жүргізіп, кез келген тұрғынды мазалаған сұраққа кәсіби деңгейде жауап беру.

Серік Ақылбай, «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Онлайн жүргіземіз. Егер біздің жергілікті жердегі филиалдарымыз түсіндіре алмай жатса, біз сол жаққа ұшып барып та түсіндіреміз. Біз – қоғамдық мекемеміз, мемлекеттік мекемеге қатысымыз жоқ. Біздің мақсат – сайлаудың әділ өтуі.