AMANAT партиясы өкілдері жаңа саяси тұғырнама жобасын талқылады

Amanat партиясының ел аумағындағы 4 мыңнан астам бастауыш партия ұйымының мүшелері саяси бірлестіктің жаңа тұғырнамасы жобасын талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйым отырыстарында партияның аумақтық филиалдарының конференцияларына қатысатын делегаттар сайланды. Естеріңізге сала кеткен жөн, 6 қазанда Астанада Amanat партиясының кезектен тыс XXIV съезі өтеді. Съезд жұмысына елдің барлық өңірінен делегаттар қатысады. Құрылтайда жаңа саяси тұғырнама жобасы кеңінен таныстырылмақ.

Тамара Хван, №4 қалалық перзентхананың акушері:

– Партиялықтар өздерінің бағдарламалық құжаттары мен бастамаларында денсаулық сақтау саласының сапасын арттыру мәселесін үнемі назарға алып отырады. Осылайша, олар азаматтарымызға іс жүзінде қамқорлық көрсетіп келеді.