Сайлау ашық болуы керек – Сарапшылар

Сайлау ашық әрі әділ болуы керек. Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияның құрылуына қатысты сарапшылар осылай дейді.

Белгілі саясаткерлер мен түрлі партия мүшелері бас қосқан жиында алдағы саяси науқан жайы сөз болды. Сарапшылар қазіргі президенттің сайлауға Халықтық коалицияның атынан шыққанын қолдап, бұған жаңа саяси мәдениет қалыптасқаны мен елдегі бірліктің көрінісі деп баға берді.