Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентімен кездеседі

Түрікменстан президенті Астанада. Сердар Бердімұхамедовтің ұшағы елордаға кеше ұшып келген.

Мәртебелі мейманды әуежайдан Үкімет басшысы күтіп алды. Кеше ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысқан Түрікменстан басшысы бүгін Ақордада қазақ президентімен кездеседі. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов өзара іс-қимыл жайын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар маңызды құжаттарға қол қояды деп жоспарланып отыр. Бұл Сердар Бердімұхамедовтің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары.