ОСК М.Қажыкенді президенттікке кандидат ретінде тіркеді

Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында 20 қарашада өтетін ҚР Президенті сайлауына үміткер Мейрам Қажыкеннің кандидатурасының заң талаптарына сай келетіні және оны кандидат ретінде тіркеу мәселесі қаралды.

"Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкенді қолдау мақсатында еліміздің 14 өңірінде 122 184 азаматтың қолы жиналды. Оның барлығы тексерілді, соның ішінде кандидатты қолдаған 120 055 қол сенімді деп танылды", - деді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов. Естеріңізде болса, Мейрам Қажыкен кандидат ретінде "Аманат" Қазақстан кәсіподақтар достастығы" республикалық бірлестігі атынан ұсынылған. Бұған дейін ол мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі бойынша емтиханды сәтті тапсырған. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы үміткер Мейрам Қажыкенді ҚР Президенті сайлауына кандидат ретінде тіркеді.