АҚШ-та қазақ Туы желбіреді

Қазақстанның Мемлекеттік Туы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында салтанатты түрде көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Американың ең ірі мегаполисі республика күніне қазақстандықтарға осындай тарту жасады. Қала мэрі Эрик Адамс салтанатты шараны өзінің жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қазақ елінің көк байрағын көтеру арқылы Нью-Йорктің қуаты мен рухын көтеретінін айтты.

Эрик Адамс, Нью-Йорк қаласының мэрі:

– Біздің қаламызды жақсы көріп, құрметтейтін азамттардың бірі – қазақстандықтар. Біздің қаламыздағы өте белсенді қауымдастық. Бизнес ашып, ынтымақтастық нығайтып жатырсыздар. Осындағы Бас консулмен де көп жылдан бері жақсы доспыз. Сіздер білімнің қуатын түсінген елсіздер. Осында сіздердің туларыңызды көтеруге арқылы біз Нью-Йорк қаласының қуаты мен рухын көтереміз. Сіздерге біздің қаланың алуан түрлі мәдениетін көтеруге үлес қоқандарыңыз үшін рахмет.