Жигули Дайрабаев Екібастұзда шахмат ойнады

Президенттікке «Ауыл» партиясы атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев Павлодар облысына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі үгіт-насихат жұмыстарын Екібастұз қаласынан бастады. Қалалық ардагерлер кеңесіне ат басын бұрып, облыс чемпионымен шахмат ойнады. Алғашқы қадам жасау құқығын қарсыласына беріп, ойынды тең есеппен аяқтады. Сонан соң жергілікті халық базарына бағыт алып, ондағы баға саясатымен танысты. Сатушылар және тұтынушыларға саяси бірлестіктің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Анас Баққожаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:

– Мінекей, ешқандай делдалсыз шаруалар тікелей осы нарыққа келіп тапсырады. Бір шетінен баға халыққа қолжетімді. Екінші жағынан шаруаларға мүмкіндік.