Нұрлан Әуесбаевты қолдау штабы үгіт-насихат жұмыстарын талқылады

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев республикалық сайлауалды штабында бүгінге дейінгі үгіт-насихат жұмыстарын талқылады.

Кездесулерде көтерілген проблемалар сараланды. Сондай-ақ өңір-өңірдегі сайлаушылар тарапынан түсен қоңыраулар және хаттармен танысып шықты. Сауалдың дені сайлауалды бағдарламаға қатысты және ұсыныстар. Штаб өкілдері олардың әрқайсысын мұқият зерделеп, тиісті жауаптарын беріп жатқанын айтады. Оппозициялық партия өкілі Нұрлан Әуесбаев күні бүгінге дейін елдің 6 аймағын аралап шықты. 

Мақсұт Насибулов, Н. Әуесбаевтың сенімді өкілі:

 - Жалпы Қазақстан бойынша Нұрлан Әуесбаевты қолдайтын 20 штаб бар аймақтарда. Олардың бәрі қарқынды, белсенді жұмыс істеп келе жатыр. Оның ішінде агитаторлар өздері агит материалдарын, парақшаларын таратып жатыр. Агитпарақшаларын іліп болдық. Күніне әр филиалға 30 шақты қоңырау шалады, сонымен қатар хат келіп жатады, өтініштер келіп жатыр. Әр түрлі мәселелер көтеріліп жатыр.