Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарын әлеуметтік желіде жүргізді

Оппозициялық партия атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарын әлеуметтік желілердегі парақшасында жүргізді.

Алдымен инстаграм, фейсбукте тікелей эфирге қосылып, кеше Астанада өткен тығыз құрылысқа байланысты жиынның қорытындысымен бөлісті. Оқырман жолдаған әрбір сауалға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Штаб өкілдері өзекті деген сұрақтарын қағазға түртіп алды. Оппазициялық партия өкілі саяси науқан аясында 50-ден аса іс-шара өткізу жоспарланған. Нұрлан Әуесбаев ертең Батыс Қазақстан облысындағы сайлаушыларымен кездеседі.

Нұрлан Әуесбаев, президенттікке кандидат:

- 5 қарашада өткен тығыз орналасқан құрылыстарға байланысты өткізген минтингке байланысты біз қорытынды жасадық. Сол бойынша талқылап, митингтің өту барысы жалпы, сонда көтерілген мәселелердің бәрін қорытындылай, шешімге келіп соған арнайы мәлімдеме жасадық.