Жигули Дайрабаев Еңбекшіқазақ ауданына барды

Президенттікке «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев Алматы облысындағы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып келеді.

Бұл жолы кандидат пен оның партияластары Еңбекшіқазақ ауданына барды. Шелек ауылындағы балық комбинатының жұмысымен танысты. Өмірінің едәуір бөлігін осы салаға арнаған кәсіпкер Мейрамбек Пазылбековпен кездесті.  Серіктестіктің бас технологы мен оның қарамағындағы қызметкерлеріне саяси бірлестіктің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Жигули Дайрабаев, президенттікке кандидат:

- Менің қолымда ұстап тұрған Арал бекіресі. Арал бекіресі Сырдария аймағында өскен. Осыдан 55 жыл бұрын тарихын жоғалтқан балық. Соны өсіретін Қазақстанда бірнеше институт бар.

Мейрамбек Пазылбеков, балық комбинаты директорының орынбасары:

- Өз заманында жылына 1,5 мың тонна тауарлы балық берген. Біз бұл шаруашылықты қайтадан жандандырып, қолымызға алып жатқанымызға 2 жыл болды.