Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен Орал қаласына барды

Өңірлік штаб жұмысымен танысып, саяси науқан алдында жүргізіліп жатқан іс-шаралардың жай-жапсарын пысықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір мұнда кандидаттың сенімді өкілдері мен волонтерлар қызу жұмысқа кіріскен. Опазициялық партия өкілі қаладағы сайлаушыларымен де кездесті. Тұрғындарға сайлауалды тұғырнамасын түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді. Күні бүгінге дейін Нұрлан Әуесбаев елдің 7 өңіріне барды. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы бойынша 50-ден аса іс-шара өткізу жоспарланған.

Нұрлан Әуесбаев, президенттікке кандидат:

 - Бүгін біз Орал қаласына келдік. Осында жергілікті активпен кездестік. Кездесу өте тартысты өтті. Әр түрлі салалар бойынша сұрақтар қойылды. Алдағы жоспарымыз мүмкін Ақтауда боламыз үлгерсек және солтүстік өңірдің біраз жерінде боламыз.