Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат науқанының 16 күндігін қорытындылады

Осы аралықта ол 6 өңірді аралап, 15 кездесу өткізген. Кандидатпен жүздесуге 3 мыңнан астам адам жиналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанат Тұрсынбекова елордада өткен «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестік өкілдерінің кездесуінде осылай айтты. Саяси додаға да ол осы ұйымның атынан түсіп жатыр.

Айнұр Жүгінісова, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қб төрағасы:

 - 16 күндік қорытындыны тыңдап, жайланып, марқайып кетіп бара жатқан жайым бар. Жаңағы біздің «Қазақ аналары – дәтүрге жол» жобасының аналары көріп отырсыздар ғой жүздерінен қандай көңіл күйде кеткендерін.