Президент сайлауы кезінде Жетісу облысында 447 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Өңірде 445 мыңнан астам сайлаушы бар.  Конституциялық құқығын пайдаланып, таңдауын жасайтындарға үш мыңға жуық комиссия мүшесі қызмет көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларға арналған семинар-тренинг өтті. Жиынға жергілікті сайлау комиссиясының мүшелері, партия және жергілікті атқарушы орган өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлері қатысты. Басқосуда сайлауға дайындық барысы тағы бір  пысықталып, жауаптылардың  біліктілігі тексерілді. 

Тимур Дәуітов, облыстық Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Сайлау учаскелері жүз пайызға фактический дайын. Өйткені біз недавно референдум өткіздік. Сайлау комиссияларының мүшелері 97 пайыз оқыту өткізген сертификат алған. Тәжірбиесі бар.