Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қостанайда құқық қорғаушылармен кездесті

Өңірге үгіт-насихат науқанымен барған ол саладағы қордаланған мәселелерді талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуге адвокаттар, нотариустар мен заңгерлер барды. Жиында кандидат сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Негізгі көтерілген мәселеле – адам құқықтарын қорғауда пайда болатын бірқатар кедергілер.

Салтанат Тұрсынбекова, президенттікке кандидат:

 - Адвокатура, нотариат, прокуратура өкілдерімен бір қызықты сұхбат өтті. Бұл сұхбатта әр саладағы жаңағы институттардың, адамның құқығын қорғайтын институттардың өкілдері өздерінің саласындағы проблемаларды айтып, сол проблемалардың шешілмеуі адамдардың құқықтарын толыққанды сапалы қорғауға мүмкіншілік бермейтінін сілтеді.