Нұрлан Әуесбаев Астанадағы жатақхана тұрғындарымен кездесті

Оппозициялық партия өкілі Нұрлан Әуесбаев Астанадағы жатақхана тұрғындарымен кездесті.

Инфрақұрылымы нашар үйдің азаматтары мәселе шаш етектен, - дейді. Мұнда тұратындардың дені жұмысшы. Олар еңбекақыларының аз екеніне шағымданды. Сайлауалды бағдарламасын таныстарған кандидат, сайлаушылардың сұрақтарына да жауап берді. Нұрлан Әуесбаев науқанға сай жоспарланған 60-қа жуық іс-шараның 40-қа таяуын өткізді. Күні бүгінге дейін 7 аймағын аралады.

Нұрлан Әуесбаев, президенттікке кандидат:

 - Шәкен Айманов көшесіндегі жұмысшылар жатақханасында кездесу болды. Жатақхананың жағдайы шынында да өте ауыр және басқа да толып жатқан проблемалар бар. Тұрмыс жағдайлары да қанағаттандырмайды. Сондықтан өткір-өткір сұрақтар қойылды. Енді өз кезегінде мен де тиісті сұрақтарға жауаптарын бердім. Осы бағытта болды.