Дайрабаевтың штабы 3 аптаны қорытындылады

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабы 3 аптаның жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кандидат пен оның партияластары бұған дейін Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жетісу, Алматы, Абай, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарына барған болатын. Шаруалармен кездесіп, сауалдарына жауап берді. Бүгінгі брифингте партияның өңірлік филиалдарының басшылары және өкілдері қатысты. Бейнебайланысқа шығып, есеп берді. Өңірлік штабтар 2 500-ден астам іс-шараны қамтитын үгіт-насихат жоспарын әзірлеген. Оның ішінде 70 проценті өткізілді. Еліміз бойынша 305 билборд орнатылып, 200 мың плакат-парақша таратылды.

Төлеутай Рақымбеков, кандидат Ж.Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабының басшысы:

- Осы алдағы өтетін сайлауға дайындық алғашқы нәтижелердің ішінде бір айта кететіні 2 нәрсе бар. Біріншіден бұл жастардың биылғы жылы ерекше белсенділігі. Өте көп жас өз еркімен келіп, көмектесейік, қандай жұмыс жасайық деп, біздің кандидатпен, сенімді өкілдерімен өтетін кездесулерге қатысып, сұрақтарын қойып жатыр.