Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен Маңғыстауға барды

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен Маңғыстауға барды.

Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесті. Жиында сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, “Жалпыұлттық социал-демократиялық” партиясы туралы мәлімет берді. Сайлаушылар тарапынан да оппазициялық партия өкіліне бірқатар сұрақ қойылды. Негізінен қымбатшылық, партияның жұмысы, білім саласы, мұнайшылардың зейнетке шығу жасына қатысты мәселелер қозғалды. Бұл кандидаттың сайлауалды науқаны аясында барған сегізінші аймақ. Ертең Ақтау жұртшылығымен кездесу жоспарланған.

Нұрлан Әуесбаев, президенттікке кандидат:

- Біз сайлауалды бағдарламамыз бойынша Қазақстанның барлық өңірін аралап өттік. Шығыстан басқа аймақтардың бәрінде. Кездесу барысында айтылған пікірлер оның ішінде әр түрлі пікірлер болды. Мемлекеттің құрылымы туралы, басқа да. Бірақ маған өте ұнаған сұрақтардың бірі жергілікті жердегі мәслихат депуттарын сайлау, олардың белсенділігін қалай арттыру керегі туралы.