Бақытгүл Хаменоваға 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді

Бүгін Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен мәдениет басқармасының экс-басшысы Ақылбек Рысқалиевке және мердігер мекеме өкілі Адамовқа қатысты қылмыстық істің үкімі шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

стеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 10 желтоқсанында Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев жұмыс бабын пайдаланып 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген еді. 11 ай тергелген істің үкімі бүгін қалалық сотта оқылды. Онда Бақытгүл Хаменоваға 7 жыл, Ақылбек Рысқалиевқа 7 жыл және пара берді деген күдікпен айыпталған Өміртай Адамовқа 4,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Айта кету керек, айыпталушылардың отбасы жағдайына жанұясында ауру балалары болғаны ескеріліп, жаза өтеу мерзімі 3 жылға шегерілді. Алайда айыпталушы Бақытгүл Хаменова бүгінгі үкіммен келіспейтіндігін мәлімдеді. Сот үкімі күшіне енген жоқ. 

Бақытгүл Хаменова, айыпталушы:

- Мен бұл мүлдем шешіммен келіспеймін. 11 ай бойы тар қапаста жатқанда да шындықты айтып күрестім, күресе де береміз. Адвокатыммен, қаумалаған елмен шындық шығады бәрібір аққа Құдай жақ. Шындықты айтып шырылдаған дерек пен дәйекке сенген БАҚ өкілдеріне журналистерге, бологерлерге еліме халқыма рақметімді айтамын. Соңына дейін күресемін. Әлі апплеияциялық сот, Жоғарғы сот бар. Бұл шындықтың жер бетіне шығатынын білемін.