Қарақат Әбден Тараз қаласының сайлаушыларымен кездесті

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Тараз қаласының сайлаушыларымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы өкілдері жүкті және босанған әйелдердің үйлерін аралап, әлеуметтік қызмет көрсетудің мәселелерін талқылады. Емхана қызметкерлдерінің айтуынша, патронаждық қызметтің бұл моделі ана мен бала денсаулығын бақылауға алып, зиянды факторлардың алдын алуды көздейді. Алайда бұл салада кәсіби мамандардың жетіспеушілігі байқалады.

Қарақат Әбден, президенттікке кандидат:

- Ана мен баланың денсаулығы ұлттық деңгейде қарастырылатын үлкен күрделі мәселе. Әр ата-ана бала өмірге келмей тұрып баланың денсаулығын ойлау керек.