Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарын аяқтады

Оппозициялық партиядан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев та үгіт-насихат жұмыстарын аяқтады.

Өзін ұсынған “Жалпыұлттық социал-демократиялық” партиясы науқанның қорытынды жиынын өткізіп, сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды. Оған өңірлік штаб өкілдері де қатысты. Тұғырнама аясында 60-қа жуық іс-шара өткізу жоспарланған. Оның барлығы орындалды. Нұрлан Әуесбаев пен жақтастары елдің 8 өңірін аралап шықты. Кездесулер кезінде  ауыл шаруашылығы, әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық, өзге де мәселелер көтерілгені туралы айтылды.

Нұрлан Әуесбаев, президенттікке кандидат:

 - Жиырма филиал бар бізде: үш қала яғни мегаполиста және 17 облыста. Сол жердегі менің барлық әріптестеріме, басшыларынан бастап бүкіл соған ат салысқан барлықтарына үлкен рақметімді айтқым келеді. Және де агитациялық жұмыстарды жүргізген журналистерге, біздің жұмысымызды жүргізген барлық азаматқа алғыс айтқым келеді.