Ж.Дайрабаевтың штабтары 2,5 мыңнан астам іс-шара өткізді

Президенттікке «Ауыл» партиясы атынан түскен кандидат Жигули Дайрабаевтың штабтары 1 ай ішінде 2 жарым мыңнан астам іс-шара өткізді.

Жигули Дайрабаев бастаған үгіт-насихат тобы сайлауалды саяси науқан жұмыстарын қорытындылады. Елде 222 штаб ұйымдастырылды. 88 қала мен 166 ауылдық жерде шара өтті. БАҚ-та 3 мыңнан астам материал жарияланды.

Жигули Дайрабаев, президенттікке кандидат:

- Өздеріңізге мәлім, бүгін түнгі сағат 12-ден кейін тыныштық күні. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқталады. Осы уақытқа дейін біз барлық аймақты аралап, халық шаруашылығында қызмет істейтін барлық сайлаушымен кездестік.  

Ж. Дайрабаев «Ауылым-әнім» фестиваліне қатысты

Партияның мұрындық болуымен елордадада «Ауылым-әнім» фестивалі ұйымдастырылды. Шарада дәстүрлі әншілер мен эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Айта кетейік, 20 қарашада партия өкілдері 6 мыңнан астам сайлау учаскесінде байқаушы болады.