Сеулдегі сайлау учаскесі жабылды

Сеулдегі сайлау учаскесі кешкі сағат алтылар шамасында жабылды. Сайлау комиссиясының жұмысы 2 сағаттан кейін аяқталады деп көзделген, бірақ президенттік сайлауға келгендердің көп қатысуына байланысты дауыс беру мерзімінен бұрын аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайлаушылар өз таңдауын жасау үшін таңғы 7-ден бері кезекте тұрды. Кореяда жұмыс істейтін қазақстандық студенттер белсенділік танытты. Дауыс беру орнына Қазақстан ұлттық әуе компаниясының Алматы-Сеул рейсінің экипаж мүшелері, тіпті жеке сапармен келген Сенат депутаты да келді. Сайлауға ресми түрде аккредиттелген байқаушы мен түсіру тобымыздың қатысуымен сайлау комиссиясының мүшелері жәшікті ашып, дауыстарды санады.

Аслан Асқар, Сеул қаласындағы №258 сайлау учаскесі сайлау комиссиясының төрағасы:

– Қазіргі танда 258 сайлау учаскесі бойынша сайлау науқанныың соңы. Барлығы 131 адам қол қойды. Қазіргі таңда біз осы пломбаларды ашамыз.