Шетелдік байқаушылар цифрландыру жүйесіне жоғары баға берді

Қазақстандағы цифрландыру жүйесі және оның сайлау кезінде пайдаланылу деңгейі шетелдік байқаушыларды қайран қалдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе мемлекеттік қызмет көрсету порталы арқылы сайлау учаскесін анықтап, құжатты электронды түрде пайдалану мүмкіндігі ерекше таң-дандырыпты. Мәселен, Молдова республикасының депутаты Боля Василь сайлау учаскелеріндегі ұйымдастыру жұмыстарына жоғары баға берді. Шетелдік мейманды санитарлық талаптарды сақтау, дәрігерлер мен волонерлердің қызметі қызықтырып отыр.

Боля Василь, ЕҚЫҰ байқаушысы:

Цифрлық технологияларды пайдалану өте ыңғайлы. Бұл заман талабына сай үрдіс. Ал оны сайлау науқаны кезінде пайдалану жаңалық деп айтуға болады. Маған ұнады.