Президенттікке үміткер болғандар сайлау туралы пікір бөлісті

Президенттік лауазымға 6 кандидат таласқан сайлау аяқталды.

Түн ортасында экзит пол нәтижесі жарияланып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңіске жеткендігі де айтылды. Өзге кандидаттар Мемлекет басшысын бұл жеңісімен құттықтап, сайлау жайлы ойларымен бөлісті. 

Елдегі саяси маңызды науқан аяқталды. Халық алдағы 7 жылда ел басқаратын басшыны сайлады. Экзит полдың қорытындысы бойынша қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқын басымдықпен жеңіске жетті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті

Түн ортасында экзит пол нәтижесін өзге кандидаттарда тыңдады. Барлығы да рет-ретімен Тоқаевты жеңісімен құттықтады.

Мейрам Қажыкен, ҚР президенттігіне кандидат:

Ал кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсынан ұсынылған кандидат Қарақат Әбден 2,54 процент дауыс жинап, үштікке енді. Нәтижеге көңілі толған ол – сайлауға қатысу үлкен жауапкершілік екендігін айтты. 

Қарақат Әбден, ҚР президенттігіне кандидат:

«Ауыл» партиясынан президенттікке таласқан Жигули Дайрабаев болса 6 кандидаттың ішінде 2-ші орынға ие болды. Оған сайлаушылардың 3,33 проценті дауыс берген. Осындай сенім артқандарға Жигули Дайрабаев өз алғысын да білдірді. 

Жигули Дайрабаев, ҚР президенттігіне кандидат:

Алдағы 7 жылда ел тізгінін ұстауға үмітті болғандардың бірі Нұрлан Әуесбаев. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан сайлауға түскен кандидат экзит пол қорытындысы бойынша 2,17 процент дауыс жинай алды. 

Нұрлан Әуесбаев, ҚР президенттігіне кандидат:

Ал «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан сайлауға қатысқан Салтанат Тұрсынбекова экзит пол қорытындысы бойынша 2,08 процент дауыс жинады. Бұған қарамастан кандидат жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевқа жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін мәлімдеді. 

Салтанат Тұрсынбекова, ҚР президенттігіне кандидат:

- Әр үміткердің өз жеңісі бар! Менің жеңісім саясаткер-әйел мәртебесін жаңа деңгейге көтергенімде! Сайлауалды бағдарламамның арқасында кемсітушілік пен зорлық-зомбылықты жою мәселелері күн тәртібінен түспеді. Мен әрбір сайлаушының жүрегіне жол тапқаныма сенімдімін және қазір тікелей эфирді пайдалана отырып, халыққа берген барлық уәделерімді орындайтынымды тағы бір рет айтқым келеді. Әр кездесуде мен әлеуметтік маңызы бар проблемаларды, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелерін көтердім. Сонымен қатар мұндай тақырыптағы жиындар көп болды. Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізді сенімді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Барлық жоспарларыңыздың орындалуына сәттілік тілеймін! Мен өз тарапымнан Сізге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынмын.

Еске сала кетейік, кезектен тыс президенттік сайлауға 6 кандидат қатысқан. Науқанның толыққанды қорытындысын орталық сайлау комиссиясы аладғы күндері жариялайтын болады.

Риат Шони