Сайлаушылар арасында маңызды ақпараттық жұмыс жүргізілген - Байқаушылар

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті сайлауынан хабар тарату жөніндегі баспасөз орталығында өткен брифингте халықаралық байқаушылар айтты.

Ресейлік байқаушылар қаладағы 7 сайлау учаскесінде болып, олардың жұмысымен танысты. Челябі облысы үкіметінің бас маманы Александр Антроповтың айтуынша, саяси науқан Қазақстанның заңнамасына сәйкес өтті. Республикада халықаралық байқаушылардың жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Жалпы дауыс беру процесі жоғары деңгейде өтті, дейді халықаралық байқаушылар. 

Александр Воробьев, Челябі облысы үкіметінің бас маманы:

- Сайлау процесін бақылау барысында – аймақтық комиссиялардың сайлаудың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету және технологиялық жаңашылдықтарды енгізу бойынша жүйелі жұмысын атап өтуге болады. Сондай-ақ сайлаушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілгені байқалады. 

Александр Антропов, Челябі облысы үкіметінің бас маманы:

– Бірінші кезекте сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейін, олардың дайындығын,құжаттарды сауатты толтыратынын, сайлау учаскелерінің ақпараттық құжаттамамен қамтамасыз етілгенін баса айтқым келеді. Сайлау жоғары деңгейде өтті.