Қордаланған мәселелер аз емес – Президент

Биыл елдегі инфляция 19,6% болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл кейінгі 14 жылдан бері болмаған қымбатшылыққа әкеліп отыр. 11 айда экономиканың өсімі 4,6%-тен 2,7%-ке дейін төмендеді. "Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр", – деді Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында. Жиында елдің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыланып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бүгін еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталамыз. Алда тұрған басты міндеттерді айқындаймыз. Қордаланған мәселелер аз емес.

11 айда экономиканың өсімі 4,6%-тен 2,7%-ке дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6%. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр.