Инфляция 11%-ке дейін төмендейді – Ғалымжан Пірматов

11 айда экономиканың өсімі 4,6%-тен 2,7%-ке дейін төмендеді.

Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6%. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр. Президент жиын басында инфляцияның өсуін осылай сынады.

Ал, есеп берген үкімет басшысы Әлихан Смайылов инфляцияның шарықтауын,,, геосаяси шиеленіс, әлемде бағаның рекордтық жылдамдықпен өсуі, логистикалық байланыстардың үзілуі сынды себептермен байланыстырды.

Премьер-министрден кейін баяндама жасаған Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов келесі жылы инфляция 11-13%-ке дейін түседі деп отыр. Оның айтуынша, бағалы қағаздар нарығы дамиды.

КЕН ОРЫНДАРЫ МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

Үкімет басшысы, Ұлттық банк төрағасы және кейбір әкімнің есебін тыңдаған соң Мемлекет басшысы өзі сөз алды. Қасым-Жомарт Тоқаев Жер қойнауына қатысты проблеманы айтты. Мемлекеттік жер қойнауын басқару бағдарламасында бұрмаланған немесе ескірген мәліметтер бар.

Қоры нақтыланған және игеруге дайын тұрған кен орындарына барлау жұмысын жүргізуге 143 лицензия мен келісімшарт заңсыз берілген.

Елімізде құнды пайдалы қазбасы бар кен орындары аз емес. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар осындай, яғни алтын, мыс, мырыш сол сияқты 87 кенішті заңсыз алған. Олар байқау өткізу рәсімдерін айналып өтіп, кеніштерді жеке компанияларға сутегін берген.

Үкіметке енді Бас прокуратурамен бірлесіп, заңсыз берілген кен орындарын мемлекет меншігіне қайтару үшін тиісті шаралар қабылдауы керек.

КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ АУҚЫМДЫ КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ЖАСАЛАДЫ

Келесі мәселе – ұлттық қор. Алдағы 7 жылда Ұлттық қордың активтері 100 млрд долларға жетуге тиіс. "Сондықтан ақшаны азырақ жұмсап, көбірек табыс табу керек", - деді Президент.

Мемлекет басшысы кадрлық мәселеге де тоқталды. Келесі жылы біз орталықта және жергілікті жерде ауқымды кадрлық өзгеріс жасаймыз, - деді. Енді бастықтардың үнемі бүйрегі бұрып тұратын адамдарымен қоштасуына тура келеді. Олардың орнын жаңа кадрлар басады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға тиімді жұмыс істейтін технократтар қажет екенін атап өтті.