Азық-түлік инфляциясы 24%-тен асты

Тұрғындардың ақшалай табысы соңғы 5 жылдағы ең төмен деңгейде тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықтың әл-ауқатын жақсарту керек,- деді Президент. Ол азық-түлік бағасын өсірмеу үшін делдалдардан арылу туралы айтты.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын да сынға алды.

Тауар өндірушіден тікелей сатып алу ережесі қабылданды. Бюджеттен қаржы бөлінеді. Дегенмен көптеген шаруаның көкөніс сақтайтын жері жоқ. Салдарынан ауыл тұрғындары біраз табысынан қағылады. Мұның шешімі біреу ғана - қойма инфрақұрылымын жасау керек. Бірақ бұл бағыттағы жұмыс баяу жүріп жатыр, - деді ол.