Мұхтар Тілеуберді Германияның экономика министрімен кездесті

Ел үкіметі басшысының орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Берлинде Германияның Экономика және климатты қорғау министрі, вице-канцлер Роберт Хабекпен кездесті.

Тараптар экономикалық ынтымақтастықты дамыту, энергоресурстар мен шикізат, көлік және логистика саласындағы әріптестікті кеңейту, сондай-ақ елімізге неміс инвесторларын тарту мүмкіндігін қарастырды. Айта кету керек, Германия Орталық Азия елдерімен жасаған  жалпы сауда көлемінің 85 пайызы Қазақстанның үлесінде.