Мемлекет басшысы Астана қаласының және Қарағанды облысының әкімдерін қабылдады

Елорда басшысы Жеңіс Қасымбек бас шаһардың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жайлы есеп берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әрі  сорғы-сүзгі және газбен жылыту стансалары, жылу электр орталығы нысандарының құрылыс барысын баяндады.  Аталған нысандардың құрылысы келер жылы аяқталады деп жоспарланған. Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкіміне жылу беру маусымының барысын бақылауда ұстау, елорданы одан әрі өркендетуге қатысты бірқатар тапсырма берді.

Сондай-ақ Президент Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады. Ол Мемлекет  басшысына  аймақтың биылғы 11 айдағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін баяндады. Облыс әкімінің мәліметінше, өнеркәсіптің барлық саласында оң үрдіс байқалады. Бұл сала 6 пайызға өскен.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облысты одан әрі дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.