Сенат депутаттарын сайлауға Жамбыл облысынан 5 кандидат тіркелді

Барлығы да өзін-өзі ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үміткерлердің арасында мемлекеттік қызмет, денсаулық сақтау және білім беру саласының өкілдері бар. Олардың ең жасы 35 те болса, егдесі 60 -та. Бүгінде кандидаттардың құжаттары жинақталып,  24-желтоқсанға дейін тіркеу жұмыстары жүргізіледі. Одан әрі үгіт насихат жалғасады. Сенатқа кімнің баратынын, облыстағы 206 мәслихат депутаты дауыс беру арқылы анықтайды. Аумақтық сайлау комиссиясы, науқан жабық түрде өтетінін айтты. Яғни арнайы кабиналар қойылып, сайлау жәшіктері орнатылады.

Серғали Айдапкелов,  облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Дауыс беру процедурасында, содан кейін дауысты санау процедурасын да байқаушылар қатысады. Барлық деңгейдегі байқаушылар. Саяси партиялардың, кандидаттардың сенімді өкілдері, БАҚ өкілдері бар мысалы. Дауыс беріліп біткеннен кейін, сол байқаушылардың қатысуыменен бюлетендер саналады. Сөйтіп қорытындысы шығарылып, протокол жасалынып, сол күні сол мәслихат депутаттарының алдында сайлаудың қорытындысы жарияланады.