Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына Алматы қаласы тас-түйін дайын

Бұл жөнінде аумақтық сайлау  комиссиясының  басшылары мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы  Алматы қаласынан 10 адам сенаторлыққа өз кандидатурасын ұсынған. Әзірше сайлау комиссиясы тек 5 үміткерді ғана ресми түрде тіркеді. Қалған екі үміткер әлі де құжаттарын толықтыру барысында.  Ал үш үміткердің құжаттары конститутциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкес келмеген.

Кандидаттарды тіркеу 24 желтоқсан күні аяқталса, сол күні кешкі сағат 18:00-ден  үміткерлердің  үгіт-насихат жұмыстары басталады. Үгіт-насихат жұмыстары 2023 жылдың 13 қаңтарында аяқталады. Сайлау 14 қаңтарда өтеді.

Айгүл Қалықова, Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы: 

- Алматы қаласынан Сенат депутаттығына кандидатты Алматы қалалық мәслихатының атынан өкілдік ететін кемінде 4 таңдаушы қолдауға тиіс. 14 желтоқсан күні сағат 18:00-де кандидаттарды ұсыну аяқталды. Сайлау науқаны бекітілген күнтізбелік  жоспарға сәйкес өтеді. Кандидаттарды тіркеу мерзімі 24 желтоқсанда сағат 18:00-де аяқталады.