Үкімет басшысы алғашқы жұмыс кеңесін өткізді

Премьер-Министр Кеңсесі Үкімет Аппараты ретінде қайта құрылды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі енді Экология және табиғи ресурстар министрлігі деп аталады. Жер қойнауын геологиялық зерттеу және минералдық-шикізат саласындағы функциялар мен өкілеттіктер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілді. Кеше Мемлекет басшысының тиісті Жарлығы шыққан еді. Осыған орай бүгін Үкімет басшысы жаңа жылдағы алғашқы жұмыс кеңесін өткізді. Жиында Әлихан Смайылов «Үкімет аппаратының құрылымы мен қызметі оңтайландырылады. Үкімет пен Премьер-Министрдің сараптамалық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық қызметін қамтамасыз ету күшейтіледі» деді. Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жер қойнауын игеруге инвестиция тартуға тиіс. Геологиялық ақпараттың бірыңғай деректер банкін өнеркәсіптік пайдалануға беруді аяқтау қажет. Кеңесті қорытындылай келе, Премьер-Министр Үкімет алдында экономиканы 4% өсіріп, инфляцияны 2 есеге, яғни 9,5% дейін төмендету міндеті тұрғанын атап өтті.