Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Тараптар бірін-бірі жаңа жылмен құттықтады. Сосын екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
Әңгімелесу барысында мұнай-газ және энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың нақты мәселелері де талқыланды. Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болған.