БҰҰ жанындағы еліміздің Тұрақты өкілдігі ҚК жаңа мүшелерінің туларын орнату рәсімін өткізді

Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның ұйым жанындағы Тұрақты өкілдігі Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа мүшелерінің туларын салтанатты түрде орнату рәсімін өткізді.

Жаңа жылдың алғашқы  жұмыс күнінде өздерінің ұлттық байрақтарын Эквадор, Жапония, Мальта, Мозамбик және Швейцарияның тұрақты өкілдері орнатты. Бұл рәсімді Қазақстан 2018 жылы Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық еткен кезде енгізген болатын. Ол жаңадан мүшелікке қабылданған мемлекеттерге ерекше мәртебе беріп, қауіпсіздік саласында аянбай қызмет етуге ықпал етеді деп есептейді БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин.

Ақан Рахметуллин, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

- Жаһандық қауіпсіздік, соғыс және бейбітшілік мәселесімен айналысатын орган Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа мүшелеріне өздерінің маңызды рөлін сезінуге мүмкіндік беретін рәсім. Сондықтан бұл алаң Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысында кездесетін түрлі кедергілерді талқылауға, мемлекеттер үшін өздері басымдық беретін сұрақтар қарастыруға мүмкіндік береді.