Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі болды

Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарған Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаевтың орнына Марат Кәрімжанұлы Қарабаев тағайындалды.

Мәдениет және Спорт министрі де ауысты. Дәурен Әскербекұлы Абаевтың орнына Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов келді. Ал Әділет министрі лауазымына Азамат Несіпбайұлы Есқараев тағайындалды.