loader


Президент Конституциялық Сот судьяларымен кездесті

Мемлекет басшысы бүгін Конституциялық Соттың жаңа судьяларымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент Конституциялық Соттың ел өмірінде айырықша рөл атқаратынын атап өтіп, бұған дейін 27 жыл бойы табысты жұмыс істеген, Конституциялық Кеңес мүшелеріне және онда, әр кезеңде еңбек еткен қызметкерлерге алғысын білдірді. Кездесуде Қ. Тоқаев қоғамның Конституциялық Сот қызметінен, оң өзгерістер күтіп отырғанын, қазылардың өз міндетін адал атқаруы халықтың, БАҚ пен халықаралық құрылымдардың жіті назарында болатынын еске салды. Сондай-ақ Президент еліміздің ре-форматор мемлекетке айналғанын атап өтті. Сонымен қатар, азаматтардың Конституциялық құқығын қорғауға, баса мән беріліп отырғанын және бұл жұмыстарға қоғам өкілдері, белсене қатысуға ынталы екендігін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

- Біз жаңа әділетті қазақстанды құрып жатырмыз. Оның ең басты қағидаты әділдік. Сізджер осы маңызды міндетті абыроймен атқарасыздар деп сенемін. Халқымыз қара қылды қақ жарған қазыларға ерекше құрметпен, сыйластықпен қарайды, «тура биде туған жоқ» деп судьяларға зор үміт артады. Әрбір шешім Ата заңға сәйкес қабылдануға тиіс. Өйткені бұл, ең алдымен, еліміздің тағдырына ықпал ететін шешімдер болмақ.

Сондай-ақ, Президент бұған дейін 27 жыл жұмыс істеген Конституциялық кеңестің де қызметін жоғары бағалады. Мұнда осы жылдар ішінде 140-тан аса номативтік қаулы қабылданып, 30 заң мен халықаралық шарттың Ата заңға сай еместігін анықталды. Енді бұл міндет Конституциялық сотқа жүктеледі. Сол себепті бұл мекемені Қасым Жомарт Тоқаев Әділетті Қазақстанның айнасы болады деді. Келелі кеңесте Қазақстанда болып жатқан реформалар сөз болып, өзгерістерге қазылар алып келетін тың серпіліс те айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

- Бүгінде Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Бұрын-соңды болмаған бірегей саяси реформалар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда дүние жүзінде дәл осындай ауқымды, мазмұнды реформалар жасап жатқан ел бірен-саран. Бұл – ақиқат. Мұны бүкіл әлем мойындап отыр. Қазақстан реформатор мемлекетке айналды.

Сондай-ақ...