Үкімет басшысының орынбасары мен 5 министр ауысты

Елімізде ақ түтек боран соғып жұрт әбігерге түсіп жатқанда, билікте де ауыс-түйіс дауылы басталып кеткендей, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір күнде Үкімет басшысының орынбасары мен 5 министр ауысты. Маңызды салалаларды тізгіндеген шенділер қайда кетті? Олардың орнына кімдер тағайындалды? Кадрлық өзгерістердің мәні мен маңызы неде?

Ауысқан 5 министрдің үшеуінің жасы 30-дан енді асқан. Президенттік жастар кадрлық резервінен келген мамандар. Ол «Мәдениет және спорт» министрі Асхат Оралов. «Индустрия және инфрақұрылымдық даму» министрі Марат Қарабаев. Және ең жасы «Экология және табиғи ресурстар» министрі Зүлфия Сүлейменова. Оның жасы 32 –де. Бұл билікке тоқсаныншы жылдары туған жастардың келе бастағанын көрсетеді. Ал енді Премьер министрдің орынбасары, Оқу-ағарту және Әділет министрліктеріне тәжірибесі әбден толысқан 40 пен 50-ден асқан басшылар тағайындалды.

Мақсат Халық, экономист:

- Министр қызметке келсе нәтиже көрсетуге тырысады. Дей тұрғанмен нақты өзгеріс болады деп айтуға ертерек. Енді бұл келген министрлер өздерінің ведомстволары бойынша толығымен жұмыс жасап, әрбір бөлімде, департаменттің бөлімдерінде 11-13 адам отырған болса соның ішінде 3-4 ғана жұмыс істейді. Біздегі реалды жағдай сондай. Ал жұмыс істемейтін адамдардың барлығын қысқарту керек деп есептеймін. Сол кезде біз экономикалық тиімділікке қол жеткізетін сияқтымыз.

Сарапшылар жаңа кадрларға әсіресе жастарға көңіл бөлінуі саясаттағы оң өзгерістердің басы деп есептейді. Үкіметтегі ауыс-түйіс саяси жаңғырудың жалғасы. Конституциялық реформа жасағаннан соң бұл заңды әрі, керек үрдіс деген пікірде.

Серік Ақылбай, Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы:

- Кеткен министр де, келген министр де жұмыс істеп жатқан сияқты. Бірақ әлі нәтиже көрінбей жатыр. Сондықтан президент алдында ескертті. Жұмыс жүрмесе орындарын айырбастайтынын айтты. Яғни өзінің айтқан уәдесін орындап жатыр. Сондықтан да олар сенімді ақтап, жұмыс істеу керек. Нақтылы нәтиже керек. Болашақта емес бүгін керек өзгерістер. Президент айтпақшы. Халық соны тосып отыр. Сондықтан да осы өзгерістердің бәрі соған бағытталған деп санаймын.

Жаңадан тағайындалған министрлерді Үкімет басшысы Әлихан Смайылов ұжымдарына өзі таныстырды. Сәттілік тіледі. Сосын алда атқарылатын міндеттерін айқындады. Мәселен Мәдениет Және Спорт министріне бұқаралық спортты дамытып, кәсіби спортшылардың жаңа бауынын даярлауды тапсырды. Ал Оқу-ағарту министріне «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын сапалы жүзеге асырып, оқу жүйесіне тың технологияларды енгізуді тапсырды. Ең жас министрге ел экологиясын жақс

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

- Экологиялық Кодекс қабылданды. Енді соның нақты жүзеге асуын қадағалау керек. Кезең-кезеңімен ірі-ірі өндіріс орындарынан шығатын түтіндер мен қалдықтардың көлемін азайтуымыз қажет. Халықтың денсаулығы осыған байланысты. Әрине бұл өндіріс көлемін азайту деген сөз емес. Сондықтан кәсіпорындарды ынталандыру арқылы жұмыс істеген жөн. керек. Сондай-ақ, су мәселесіне де жіті көңіл бөлу керек.

Жаңа министрлердің жұмысын уақыт көрсетеді. Ал халық Үкіметтен оң шешімдер мен нәтиже күтіп отыр.