Бас прокурор: Қаңтардағы бүлікке қызу дайындық жүргізілген
Бас прокурор Берік Асылов: "Қаңтар оқиғасын лауазымды тұлғалар мен қылмыстық топтар ұйымдастырғанын мәлімдеп, бүлікшілер елде мемлекеттік төңкеріс жасауды жоспарлады", - деді.
Қанды қақтығысқа дайындық 2021 жылы басталған. Сол уақытта олар адам жинап, қаруланған, сондай-ақ рациялар мен көліктер сатып алған. Бұл істерді Ұлттық қауіпсізідк комитетінің бұрынғы басшылығы үйлестірді, - деді прокурор. Оған қылмыстық топ өкілдері мен жергілікті шенеуніктер көмектескен.