loader


Қаңтар оқиғасы бойынша арызданғандардың дені тергеуге алынды

Қаңтар оқиғасы бойынша арызданған 344 адамға сот-медициналық сараптама жүргізілді. Нәтижесінде 239-ынан дене жарақаттары анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

105-інің жағдайы дұрыс, 60-қа жуық адам сараптамадан бас тартқан. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновтің айтуынша, дене жарақаттары негізінен көшедегі тәртіпсіздіктер кезінде алынған. Бірақ арызданғандардың дені, яғни 271 адамның өзі тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысу, билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсету, қару ұрлау, тонау сынды қылмыстар бойынша күдікті болып табылған. Демек, олар жауапкершіліктен жалтару мақсатында өзін зардап шегуші ретінде көрсеткісі келген. Қазір олардың 182-сі сотталды. Тағы 18 адамның ісі сот қарауында. Жалпы азаптауларды тергеу Ыстанбұл хаттамасының талаптарына сай жүзеге асырылды. Бүгінге дейін 851 сот сараптамасы жүргізілген.

Олжас Бектенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осындай 432 қылмыстық істі тергеді. Оған ең тәжірибелі тергеушілер тартылды. Негізгі қиындық оқиғалардың ретсіздігі мен жаппай болуымен байланысты болды. Арызданушылар бетперде мен каска киген полицейлерге көрсетті. Тергеу көптеген бейнебақылау камераларының жұмыс істемеуімен қиындады. Тергеуді дұрыс ұйымдастыру 347 қылмыстық іс бойынша оқиғалардың хронологиясы қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ...