Ерлан Қарин әлеуметтік желіде Қаңтар оқиғасы туралы жазды

Қасіретті қаңтар оқиғасына бір жыл. Бейбіт ниетте басталған акцияның мемлекет іргесін сөгуге бағытталған төңкеріске ұласқанын ешкім ұмытқан жоқ.

Ал биліктің мақсаты елдігімізді сақтап қалу еді. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин өзінің телеграм арнасында осылай деп жазды. Ол Президенттің жедел әрекеті елді ұлттық апаттан сақтап қалғанын айтты. Бүгінде мемлекет басшысының бастамасымен жан-жақты жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Конституциялық реформа мен кезектен тыс Президент сайлауы соған дәлел. Ерлан Қарин жазбасын «ендігі мақсат қоғам бірлігін сақтау, реформалық жоспарды толықтай орындау» деп түйді.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

- Қасіретті қаңтар оқиғасына бір жыл. Бейбіт ниетте басталған акцияның мемлекет іргесін сөгуге бағытталған төңкеріске ұласқанын ешкім ұмытқан жоқ. Ал биліктің мақсаты - елдігімізді сақтап қалу еді. Бүгінде мемлекет басшысының бастамасымен жан-жақты жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Конституциялық реформа мен кезектен тыс Президент сайлауы соған дәлел. Ендігі мақсат қоғам бірлігін сақтау, реформалық жоспарды толықтай орындау.