Е.Қарин: Басшылық лауазымға жас мамандар ұсынылады
Елдегі соңғы кадрлық өзгерістер қоғамда үлкен қызығушылық тудырды.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграм арнасында осылай деп жазды. Ол жаңа министрлер Асхат Оралов пен Зульфия Сүлейменованың президенттік Жастар кадрлық резервіне мүше екенін еске салды. Бұл жоба 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған. Қазір Үкіметтің үш мүшесі осы құрамда.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
- Жиыны 350 адамның 258-і әртүрлі жауапты лауазымдарға тағайындалды. Атап айтқанда, 34 маман "А" корпусының саяси және мемлекеттік қызметшілері. Яғни аппарат басшылары не комитет төрағалары. Бүгінде жас мамандарды басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша жоспарлы жұмыс жалғасып жатыр. Президенттік жастар кардрлық резерві жобасын одан әрі іске асыру Президенттің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттар.