Ақтөбе облысынан Сенат сайлауына үш кандидат қатысады

Ақтөбе облысынан Парламент Сенаты депутаттығына сайлауға 3 азамат түседі.

Қазір үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен әрбіріне 550 мың теңгеден бөлінді. Айта кету керек үміткерлерге түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары дауыс береді. Қазір Ақтөбе облысы бойынша 202 мандат бар. Олардың 33-і облыстық мәслихат, 30-ы қалалық және 139 аудандық депутаттар. Таңдаушылар тізімі сайлау комиссиясының интернеттегі парақшасында жарияланды. Заң шығарушы органның жоғарғы палатасы депутаттарының сайлауы 14-қаңтарда өтеді.

Нұрлыбек Жүсіпов, облыстық сайлау комиссиясы төрағасы:

- Ақтөбе облысында Сенат депутаттығына кандидаттар сайлау алдындағы үгіт жұмыстарын жүргізуде. Сайлау алдындағы үгіт 2022 жылдың 24 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша 18:00 сағаттан кейін басталды. 2023 жылдың 13 қаңтарында 00:00 сағатта аяқталады.