Абай облысынан 3 үміткер сенат сайлауына түседі
Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына Абай облысынан үш кандидат түседі.
Өзін өзі ұсынған үміткерлердің екеуі ер адам, біреуі әйел. Қазір үгіт-насихат жұмысы жүргізіліп жатыр. Кандидаттар туралы толық ақпарат пен дауыс берушілер тізімі сайлау комиссиясының сайтында жарияланған. Сайлау күні өңірдің облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарының 123 депутаты өз таңдауын жасайды.
Наталья Фесенко, Абай облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Абай облысы бойынша әуелі сегіз кандидат болған. Барлық үміткердің талапқа сәйкестігі тексерілді. Тіркеуге төрт үміткер ғана құжатын ұсынды. 25 желтоқсанда бір кандидат отбасылық жағдайына байланысты бас тартты. Енді қалған үш үміткерді бюллетенге енгіземіз.