Сенат депутаттарын сайлауға Жамбыл облысынан 3 кандидат қатысады

Бұған дейін тіркелген 5 үміткердің екеуі бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Айта кетейік, барлығы өзін-өзі ұсынған болатын. Қатысушылар – мемлекеттік қызмет пен білім беру саласының өкілдері. Қазір үгіт-насихат жұмыстарымен айналысуда. Үміткерлердің ең жасы 35-те болса, үлкені 60 жаста. Өңірдегі саяси науқанда жергілікті 206 мәслихат депутаты дауыс береді.

Серғали Айдапкелов, Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Үгіт-насихат жұмысын жергілікті ақпарат құралдары және мынау таңдаушылар, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен кездесу және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесу арқылы жұмыстарын атқаруда. Бүгінгі күні кандидаттардың тарапынан үгіт-насихат жұмысын жүргізу барысында заң талаптарын бұзушылық орын алған жоқ. Жалпы үгіт насихат жұмысы 13 қаңтар күні 00 сағатта бітеді.