Қ.Тоқаев «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаһандық Оңтүстік дауысы» виртуалды саммитіне қатысты.
Халықаралық жиынға Президентті Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди арнайы шақырған. Басқосу кезінде Қазақстан көшбасшысы барлық елді Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін күш біріктіруге шақырды. Бұдан бөлек, мемлекет басшысы климат пен су саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды. Сонымен қатар, дүниежүзілік азық-түлік тапшылығымен күресте Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығы әлеуетін одан әрі пайдалануға ниетті екенін мәлімдеп, азық-түлік пен тыңайтқыштардың халықаралық саудасына санкция салынбауы және басқа да шектеулер қойылмауы керектігін айтты.
«Сондықтан Қазақстанда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ОДМ жөніндегі БҰҰ-ның Өңірлік орталығын ашу қажет деп санаймыз. Мұндай орталық БҰҰ-ның өңірдегі жобалық қызметін барынша тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді».