Сенат депутаттарының сайлауы басталды. LIVE

Бүгін 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының мәслихаттары Парламент Сенатының депутаттарын сайлайды. Елорда уақытымен сағат 10-да учаскелер ашылды, 11:00-де дауыс беру басталды.

Сенат депутаттарын сайлау барысын Орталық сайлау комиссиясы бақылайды. Бұған дейін комииссия ұсынған деректерге сәйкес сайлау бюллетеньдеріне 55 кандидат енгізілді. Бірақ тіркелгеннен кейін 11 кандидат кандидатурасын алып тастау туралы өтініш берді.  

Таңдаушылар – 3167 мәслихат депутаты.