СҚО-да саяси науқан қалай өтіп жатыр? LIVE

Солтүстік Қазақстан облысының депуттары да Сенат депутатын сайлап жатыр.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Иә, жаңа ғана басталып кетті. Қазір халық қалаулылары тіркеуден өтіп жатыр. Бұл жолғы саяси аламанға 2 үміткер шықты. Екеуі де – әйел. Мамандығы бойынша мұғалімдер. Гүлмира Каримова және Лаура Қайыржанова. Олар 24 желтоқаннан бері тұрғындармен кездесіп, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Бүгін оларға аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттардың 200-ге жуық депутаты дауыс береді. Дауыс беру ұзаққа созылмайды. Сондықтан Солтүстік Қазақстан облысынан кімнің Сенат депутаты болатынын 1 сағатта білетін боламыз.