Ұлытау облысында Сенат депутаттарының сайлауына дауыс берушілердің 88%-і қатысты
Сайлаушылардың бірлескен отырысында дауыс беру тәртібі түсіндірілген соң, өңірдегі 3 қала мен 2 ауданнан жиылған 61 депутат өз таңдауын жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сайлауға түскен 3 кандидат та өзін-өзі ұсынған. Дауыс беру процесін бастан-аяқ үміткерлердің сенімді өкілдері қадағалап отырды.
Бауыржан Шыңғысов, облыстық мәслихат хатшысы:
- Сенатор деген бүкіл осы ең басты өміріміздің шешілмей жатқан сұрақтарын жоғары деңгейде Үкіметке, Заң қабылдағанда да Ұлытау облысына өз үлесін қосады деп сенеміз. Мен, өз басым, бізді жерге қаратпайды деп ойлаймын. Ертең елден, халықтан бәрінен сұраныс болады ғой, сен сенатор болғанда не істедің деп. Сонда ұялмай, бетке айтып, міне, осындай-осындай іс-шара қолымнан келгенше жасадым деп айта алады деп мен сенімдімін.